«Астана-Алматы» рейсінде мас жолаушы қолындағы дорбада бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер Алматы облысының мас күйдегі 33 жастағы тұрғыны барлық жолаушының көзінше бортсерікке жылтыр дорбасын созып, онда бомба бар екенін айтқанын анықтады. Кейін оны әзілдегенмін деп түсіндірген.
Көліктегі ПД баспасөз қызметі:
Дабыл бойынша барлық шұғыл қызметтер аяғынан тік тұрғызылды, адамдар, оның ішінде осы ұшақтың 166 жолаушысы эвакуацияланды, әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды.
Барлық жолаушылар мен экипаж өз рейсіне қайта оралу үшін шамамен 3 сағат күтуге мәжбүр болды.
Сіз әдетте киім, аяқ киім, аксессуарларды қайдан сатып аласыз?
Ұшақты тексеру кезінде бомба табылған жоқ.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мемлекеттің, сондай-ақ азаматтар мен жеке ұйымдардың шығындарын міндетті түрде өтей отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көліктегі ПД баспасөз қызметі
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.