Румынияда елді елең еткізген тосын жағдай орын алды. 34 жастағы румыниялық әйелге осыдан үш жыл бұрын қаза тапқан әжесі хат жолдаған. Ол немересінен өзін ұмытпауын, жиі дұға етуін сұраған.
NUR.KZ. хабарлағандай, 34 жастағы әйел ұйқыдан тұрып, қалта телефонын қосқан сәтте өзіне келген хаттан осыдан үш жыл бұрын қаза тапқан әжесінің қабірдегі бейнесін көреді.
Бұл суретті көрген әйел оны әжесінің о дүниеден жібергеніне сенімді. Ол суретті дереу жергілікті уағызшыға алып барған. Уағызшы әйелге әжесін ұмытпай, жиі дұға ету керектігін ескертіпті.
Осы жағдайдан кейін 34 жастағы әйелдің отбасы бос уақыттарын шіркеуде өткізетін болған.