jasqazaq.kz

Үш мүгедегі бар отбасы пәтер жалдап жүр (видео)

24 қараша 2017, 13:04

Благодар ауылдық округінің Пригородный ауылында үш мүгедек бір үйде тұрып жатыр. Жалдап отырған пәтерлерінде ешқандай жағдай жоқ. Кезекте тұрса да, баспана мәселесінің жақын күндері шешілмейтіндігін біледі. Алайда, үміт үзбейді. Жомарт жандар көмектесіп, көпшілік қол ұшын созады деген сенімде. Гүлбағда Қайратқызы отбасыға барып, жағдайларын біліп қайтты. 

Манас Құрмағанбетов — бірінші топ мүгедегі. Суық тиіп, қан тамырларының тарылуы ауруына шалдыққан. 2006 жылы сол аяғынан, 2013 жылы оң аяғынан айырылады. Тағдырдың қатал сынына ұшыраған Манас әйелі Венерамен екі мүгедек баланы тәрбиелеп отыр. 5 жылдан бері 25 мыңға жалдап отырған пәтер науқас адамдардың жүріп-тұруына қолайсыз дейді.

Құрмағанбетовтер балаларының денсаулығы үшін Әйтеке би ауданынан көшіп келген. Үй кезегіне мүгедек ретінде тек 23 жастағы баласы Мейрамбек қана тұрды. Ол полиартриттің асқыну салдарынан ергежейлі болып қалған. Отбасы мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отыр. Бар проблема өз үйлерінің жоқтығында ғана. Жомарт жандар қол ұшын созып, баспана мәселесін шешуге көмектессе деп мұңын шақты отағасы.

Бір үйлі жанның баспана мәселесі туралы жауапты мамандар былай дейді.

Мүгедек жанның отбасы қазір Благодар ауылдық округіне қарасты Пригородный елдімекенінде тұрады. Жалдамалы пәтері Студент көшесі нөмірі 12 корпус 1-де орналасқан.

aktobetv.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті