jasqazaq.kz

Үш бірдей қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды

29 қазан 2017, 15:26

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен Әлем чемпионатының бірінші күні қазақстандық үш балуан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Толығырақ атап өтсек, 55 келіде өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев финалда армениялық Багалян Погосты тізе бүктіріп, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. 82 келі салмақ дәрежесінде грециялық Нтанатсидис Алексионоспен шешуші сында белдескен екінші балуанымыз қарсыласынан айласын асырып, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ал үшінші алтынды 90 келі салмақта ел намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев еншіледі. Ол финалда Тәжікстаннан келген Хрушед Шариповты қапы қалдырды. Қазақстандық балуандар бүгін сондай-ақ тағы бір медальға қол жеткізді — аса ауыр салмақтағы Руслан Әбдіразақов «қола» еншіледі. Айта кетейік, әлем чемпионатының екінші күнінде татамиге 4 балуанымыз шығатын болады. Жарысқа 40 мемлекеттен келген 166 спортшы қатысып жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салуда. Жарыс жеңімпаздары — 2 мың, екінші орын иегерлері — 1 мың, ал үшінші орын алғандар 500 АҚШ долларына ие болады.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс