jasqazaq.kz

Ұры шабаданға жасырынып автобус жолаушыларын тонамақ болған

17 қазан 2017, 17:16

Парижде автобусқа мініп жергілікті Бовэ әуежайына бара жатқан жолаушыларды ұдайы тонап жүрген екі ұры ұсталды.

Қылмыскерлердің бірі жүк бөлігіндегі жолаушылардың құнды заттарын тінту үшін шабаданға жасырынады, сыбайласы болса өзге адамдармен бірге шабандандағы әріптесін автобустың жүк бөлігіне салып жібереді. Ал ол асықпай өзіне ұнаған құнды заттарды жинап, шабаданға қайта тығылған. Сыбайласы түк болмағандай әуежайға келген соң шабаданын көтеріп тайып отырады. Осындай қулықпен олар жұртты ұдайы тонап келген, деп хабарлайды Local. Жолаушылар тарапынан түскен бірнеше шағымдардан кейін жүргізушілер де сақтыққа көшкен көрінеді. 13 қазанда Париждің батысындағы Porte Maillot автобус стансасында жолаушылардың бірі аса үлкен әрі ішінде қозғалыс байқалған шамаданды жүк бөлігіне салып жатқанын жүргізуші көріп қалған. Бұл жайлы дереу әуежай қауіпсіздігі қызметіне жеткізеді. Олар өз кезегінде полицияға хабарлайды. Құқық қорғаушылар автобустан шыққаннан кейін күдіктінің шабаданы мен жолдорбасын тексерген. Жолдорбадан бірнеше ноутбук, планшет, ұялы телефондар және өзге де бағалы заттар табылды. Ал шабаданда ұрының өзі жатқан. Жастары 40-тан асқан екі баукеспенің бұдан бұрын ұрлықпен ұсталғандығы анықталды. Бірі бір жылға, екіншісі 8 ай түрмеде отырған.

ҚазАқпарат

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті