jasqazaq.kz

Ұрланған қалыңдық өлі табылды

12 қараша 2017, 10:40

Атыраулық жігіт көрші қаладан төрт ай бұрын қалыңдық алып қашқан. Бұл туралы «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Қайтыс болған қыздың туыстары тұрмысқа шығады деген қыздың қайғылы оқиғасы жайлы айтып берді. Осыдан төрт ай бұрын Атырау тұрғыны қыз (Ақтөбе қаласының студентін) алып қашқан. Туыстары әне міне деп той болатын уақытты күтіп жүргенде, қайғылы хабар естіген. «Біздің қарындасымыз бірнеше күн бұрын қайтыс болды, біз әлі де не болғанын білмейміз. Тек мынадай хат келді: «Ол қайтыс болды, келіп мәйітті алып кетіңіздер». Екі ағамыз дереу Атырауға аттанды», — дейді қайтыс болған қыздың туысы Талғат Әбдраманов. Туыстарының айтуынша, қыздың денесін Ақтөбеге таяуда жеткізген, олар қыздың нақты неден қайтыс болғанын білу үшін сот-медициналық сараптама жүргізбекші. Сонымен қатар, қайтыс болған қыздың туыстары Данараны ұрлап әкеткендердің тарапынан хабаршы болып ешкім марқұмның ата-анасының алдынан өтпегенін айтады. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы іске қатысты біріңғай реестрге тіркелгенін және қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы