jasqazaq.kz

Ұрлаған жылқыны жатын бөлмеге жасырған (Видео)

07 желтоқсан 2021, 12:17

Ақмола облысында ауылдасының жылқысын ұрлаған азамат жануарды үйіне жасырған. Биені қонақ бөлмеге қамап, өзі жатын бөлмесінде қалың ұйқыға кеткен күдіктіні түн ішінде полиция әрең оятып алды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сендер не істеп жатырсыңдар, түсінбей тұрмын.

— Мынау сенің үйіңде анау жылқы неғып тұр?

— Құран ұстайын, нан ұстайын, білмеймін, түнімен іштім, жаттым.

Арақ ішіп удай мас болдым деген Петровка ауылының тұрғыны төр бөлмеге жылқының қалай кіріп кеткенін білмеймін деп ант-су ішіп тұр. Үш бас мал қамауда тұрған жерінен ізім-ғайым жоғалыпты. Қораны тексеріп шыққаннан кейін иісшіл ит үйге қарай бет алған. Мал иесімен бірге полицейлер келіп кіргенде залда тұрған биені көріп, өз көзіне сенбепті. Ал жылқы ұрлады деген күдікті шырт ұйқыда жатқан. Олардың көзі бірден киімшең ұйықтап жатқан үй иесінің бәтеңкесіне түскен. Аяқ киімге малдың қиы жабысқан екен.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Бие жабағысы және байтал жоғалған. Мал иесі Астрахань ауданының полиция бөліміне хабарлаған. Жоғалған малдың біреуін күдікті үйіне кіргізген, басқа екеуін далаға айдап жіберген. Қазір жылқылар иесіне қайтарылды. Мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам