jasqazaq.kz

Ынтымақтастық туралы келісім жасалды

29 қыркүйек 2022, 12:04


Энергетика саласы бойынша әлемде жетекші компаниялардың бірегейі саналатын «Шеврон» корпорациясы QazaqGaz ұлттық компаниясымен энергияға көшу және газ саласының стратегиясын бірлесіп әзірлеу жөнінде ынтымақтастық жасасқаны туралы мәлім болды. Корпарацияға тиесілі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” филиалы QazaqGaz ҰК АҚ-мен энергияға ауысу бастамаларын дамытып, Қазақстандағы газ стратегиясын өрістетуді мақсат тұтып, ынтымақтастықты қарастыру бағытында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумда жазылғандай енді елдегі энергетика көзін көміртегі бейтараптылығына ауыстыру стратегиясына баса назар аударылмақ. Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc пен QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қол қойған меморандумда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті нығайтып экономиканы дамытуда газдың маңыздылығы туралы айтқаны баса назарға алынып отыр. «Біз газ саласындағы инвестициялық климатты ұзақ мерзімге жақсартуға қажетті қадамдарды белгілеуіміз қажет», – деді “QazaqGaz” басшысы Санжар Жаркешов.

Меморандум аясында енді Қазақ даласындағы газдың кен орнын барлау мен өндіруді жобалауда мүмкіндік зор болмақ, себебі бұл шаруаларды «Шеврон» корпорациясы мен “QazaqGaz” ұлттық коипаниясының мамандары бірлесіп атқарады.

“QazaqGaz” компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандум “Шеврон” компаниясының Қазақстан Республикасымен 30-жылдық серіктесінің тағы бір маңызды сатысы. Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық ірі ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырудың негізі. Қазақстан энергетикалық ауысу саласында алдына үлкен жоспарлар қойып, елдің көміртегі шығарындыларын азайту бойынша мақсаттарына қол жеткізуге қажетті шараларды қолға алып отыр. Серіктестерімізбен және Қазақстан Республикасы үкіметімен тығыз қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтып, энергетика саласын дамытуға және Қазақстан халқын гүлдендіруге әлі де талай үлес қосамыз, деп сенеміз”, – деген Дерек Магнесстің сөзінің жаны бар. Отыз жылдың ішінде «шеврон» Қазақстан экономикасын өркендетуге орасан үлесін қосып, қомақты инвестиция құйып келе жатқан беделді ұжым саналатын корпорациялардың бірі.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті