jasqazaq.kz

Үндістанда науқастың денесінен 7 келі темір шықты

27 қараша 2017, 10:57

Нью-Дели қаласының дәрігерлері асқазанында 263 тиын мен 100 шеге жатқан науқасты көріп қатты таңқалған. Бастапқыда олар ер адам тамақтан уланған болар деп болжаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zee News басылымына сілтеме жасап.

35 жастағы Мэксуд Хан дәрігерлерге асқазанының ауыратынын айтып келген. Тексеруден кейін оның асқазанында көптеген тиын мен өзге темір-терсек жатқаны анықталған. Нәтижесінде ол Сатнадағы Санджай Ганди атындағы ауруханаға жатқызылып, сол жерде ота жасалды. Оның асқазанынан алынған темір-терсектің жалпы салмағы – 7 келі.

Ұлыбританиялық Yahoo жаңалықтарында Ханның ақыл-ес кемістігі бар екені туралы айтылған. Отбасы оның темір-терсекпен тамақтанатынын жақсы білген екен.

«Бастапқыда науқас бізге үш айдан бері асқазанының ауырып жүргенін айтты. Тексеру барысында оның асқазанындағы темір-терсекті көріп қатты таңқалдық. Тәжірибемізде мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырмыз. Санасы сау адам бұлай жасамайды», — дейді дәрігер Прийанк Шарма.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады