jasqazaq.kz

Үндістанда аттракцион 15 метр биіктіктен құлап, 70-ке жуық адам жарақат алды (Видео)

05 қыркүйек 2022, 10:43

Үндістанда демалушылар отырған аттракцион 15 метр биіктіктен құлады. Оқиға салдарынан ондаған адам жарақат алды, сол сияқты 16 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Dainik Jagran басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгерлер таратты.

Оқыс жағдай Мохали қаласында кешкі 9 шамасында болды. Аттракционның ережесі бойынша адамдар отыратын орын жоғарыға көтерілген соң төменге құлдилап барып тоқтауы тиіс болатын. Ал бұл жолы техникалық ақауларына байланысты тоқтамастан бірден жерге құлады.

Жергілікті БАҚ беттерінде кемінде 50 адам жарақат алғаны, ал жоғарыда айтылғандай 16 адам ауыр жағдайда ауруханаларға жеткізілді. Сол маңда болғандар зардап шеккендерді ауруханаға өз көлігімен жеткізді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті