jasqazaq.kz

Ұлытау облысында ғарыш кемесінің сынығы құлады: тұрғындар эвакуацияланды (Видео)

28 қазан 2022, 14:54

Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылы маңындағы далаға құлаған ғарыш кемесінің фрагментін түсіріп алды. Тұрғындар кеменің сынығы азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство құлаған фрагмент «Прогресс МС-21» ғарыш кемесіне тиесілі екенін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

«Бұл «Прогресс МС-21» жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. «Роскосмос» мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алып тасталды, олар қауіп төндірмейді», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті