jasqazaq.kz

Ұлы дала генетикасын зерттеу керек

23 қараша 2018, 11:54

Гүлнұр Жүнісова – жалпы генетика және цитология институтының молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, PhD докторы. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай, біз жас ғалыммен қазақ даласын мекендеген ру-тайпалардың генетикалық ерекшелігі төңірегінде әңгімелестік. Генетик-ғалым Сақ, Ботай қорымдарынан табылған ежелгі адамдардың генетикалық типін, ғұн, қаңлы, найман, қыпшақ мәдениетінде өмір сүрген адамдардың генетикалық ерекшелігі туралы қызықты мәлімет келтіреді.

Jas qazaq: Гүлнұр ханым, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладан қандай ой түйдіңіз?
Г.Жүнісова: Бұл мақала біздің генетик мамандарға үлкен міндет жүктеп отыр. Өйткені, тарихты таразылау қаншалық маңызды болса, бұл істе генетиктердің де еңбегі зор деп айтуға болады. Себебі әдетте тарихшылар мен археологтар тарихи дерек-дәйек айтуда генетиктерге көбірек арқа сүйейді. Тарихшылар көп жағдайда бұрынғы жазылған құжаттарға сүйеніп болжам айтады. Ал археологтар қазылған жәдігерлерге қарап, салыстырмалы түрде сараптама береді. Қай дәуірде өмір сүрген, қандай мәдениетке тән екеніне тоқталады. Ал генетиктер қазылып алынған адам сүйегін зерттеп, генетикалық сараптамадан өткізеді. Бұл – нақты ғылым. Біз көзбен көргенді емес, ғылымның дәлелдеген нәтижесін ғана айтамыз. Сондықтан мақаладағы «Түркі әлемінің генезисі», «Алтын адам», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» сияқты тақырыптар біздің генетиктер үшін аса маңызды.
Jas qazaq: Ұлы дала төсіндегі ежелгі қорымдардан табылған адам сүйектерінің гендік типі бүгінгі қазақ халқында кездесе ме?
Г.Жүнісова: Біз қорымдардан табылған адам сүйектерінің «Палео ДНК-сын» зерттейміз. «Палео ДНК» деген – ежелгі ДНК дегенді білдіреді. Мәселен, Ботай қорымдарынан қазылып алынған адам сүйектері О2 гаплотипті топқа тән болып шықты. Бұл генетикалық тип найман руында, қытайларда, Бангладеш халықтарында көп кездеседі. Бұл гаплотипті топ О3 генетикалық топпен туыс саналады. Соңғысы корей және жапон халықтарында көп. Ал қазақ руларының ішінде қаңлыда ғана Q гаплотипті топ бар. Бұл Сібір халықтарында, Американың жергілікті тұрғындарында өте көп кездескен. Ұлы жүздің үйсін, ошақты, албан, дулат руларында және кіші жүздің барлық руында С3 гаплотипті топ жиі ұшырасады. С3 гаплотипі орта жүздегі керей мен қоңыратта, төрелерде де бар. Жалпы осы гаплотип моңғол, қалмақ текті халықтарға да тән. Айтпақшы, Әбілхайыр ханның өз генетикасын да, ұрпақтарында да осы С3 гаплотипі анықталды. Шапыраштының гаплотипі С2 деп аталады. Қыпшақтарда R1B гаплотипті топ жиі ұшырасады екен.
Қысқасы, ұлы дала генетикасын зерттеп, тарихты нақты ғылыммен таразылайтын күн келді.

Жарас КЕМЕЛЖАН

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр