Ұлттық жоба: Шымкентте 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

18 шiлде 2023, 17:18

Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды.

Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, бүгінде 5293 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамалары негізінде қалада биыл 23 420 жұмыс орнын құру көзделген. Оның бүгінге дейін 12 500-ге жуығы ашылған, оның 12 203-і – тұрақты жұмыс орындары. Ұлттық жоба аясында халықты жұмыспен қамту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, былтыр қалада «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған 1096 азамат қазір өз қызметін салық органдарында тіркеп, есептерін тапсырған. Мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты ұдайы тексеру жүргізіп отырады. Басқарма тарапынан былтыр грант алған 893 азаматтың кәсібіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 827 азамат жұмыс орнын ашып, қосымша 25 азамат жұмыспен қамтылды. Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лекте 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, 227-не оң шешім қабылданған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды