jasqazaq.kz

Ұлттық жоба іске асуда: Бейнеуде 300 орындық мектеп құрылысы салынып жатыр

27 мамыр 2025, 19:14

Бейнеу ауданының Сам ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп-бөбекжай кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысан 2022 жылдың сәуір айында апаттық жағдайда деп танылған Сам ауылындағы «Сам» мектеп-бөбекжай кешенінің орнына тұрғызылуда. Жобаны «СКА-Строймонтаж» ЖШС жүзеге асырып жатыр.

Бүгінде құрылыс нысанында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ішкі жұмыстардың 97% аяқталған. Сонымен қатар, асфальт төсеу, кеспе тас салу(брусчатка), кәріз жүйесін орнату және электр желісін тарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс тамыз айында аяқталып, қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланған.

Бүгінде облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8100 орындық 9 мектептің құрылысы жүруде. Аталған білім ордалары жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.
Маңғыстау облысының әкімдігі

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам