jasqazaq.kz

«Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері»

22 қараша 2017, 17:16

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығы 2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда қазіргі терминжасам, терминқорды жүйелеудің мәселелері, Алаш қозғалысы зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, терминдерді реттеу, бірізділеу мен стандарттаудың маңызды теориялық және ғылыми –практикалық мәселелері қозғалады.

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 11

Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Конституция залы.

Өткізілетін уақыты: 2017 жылғы 23 қараша

Басталуы сағат 10.00 де

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 93, 8 701 675 26 30.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті