jasqazaq.kz

Ұлттық мерекені ұлықтады

22 қазан 2022, 16:28

Қазақстан халқы он үш жылдан кейін қайта қауышып отырған мереке – Республика күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде салтанатты шара болып өтті.
Ұстаздар қауымын осы оқиғамен құттықтай отырып ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов былай деді: «Бүгінгі мерекенің мемлекеттілігіміз үшін маңызы зор. Осыдан 18 жыл бұрын, 1990 жылы 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадамы еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символына айналуы тиіс екенін атап өтті.


Биылғы жыл университетіміз үшін де табысты жыл болды. QS рейтингі бойынша біз әлемдегі мыңдаған университеттер арасында 277-орындамыз. Сонымен қатар, біздің оқу орнымыз жаңа мүмкіндіктер ашатын, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтін зерттеу университеті мәртебесіне ие болды. Бұл — университеттегі ұжымдық еңбектің жемісі».
Салтанатты шара әрі қарай марапаттау рәсімімен жалғасты. Басқарма төрағасы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша ғалымдар Серік Байсейітов пен Олжабай Смайыловқа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Құрметті профессоры» атағының берілгенін хабарлады.
Сонымен қатар, университеттің бір топ оқытушылары мен ғалымдарына сіңірген еңбектері үшін арнайы төсбелгілерді, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамоталарын, Лев Гумилев атындағы медалін, Астана әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. ЕҰУ-і Әскери кафедрасының бастығы, запастағы генерал-майор Еділ Оразов ҚР Қорғаныс министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.


Университеттің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева «Жаңа асу» атты ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау байқауының жеңімпаздарына грантқа иелік етуге мүмкіндік беретін сертификаттар табыстады. Олардың қатарында Асқар Баубек, Асқар Есентаев, Нұрзада Амангелді және Бейбіткүл Тоқабаевалар бар.
Сондай-ақ, университеттің Старостолар кеңесі, «Еуразия» вокалды-аспапты ансамблі, «Дала сазы» оркестрі, «Шаңырақ» театры, «Самұрық» би мектебі сияқты студенттік ұжымдардың жетістіктері де жоғары марапаттарға ие болды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Ә.Смайылов

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті