jasqazaq.kz

Ұлттық құрама көкпардан оқу-жаттығуын аяқтады

22 тамыз 2022, 17:14

Көкпардан ҚР ұлттық құрамасының мүшелері осы жылдағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізді. Тамыз айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Олимпиадалық даярлау орталығында жалпы дене дайындығы бойынша жаттығу жасап, спортшылар физикалық тұрғыдан шыныққан болатын.

Кезекті оқу-жаттығу жиыны 7-20 тамыз аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт базасында өтті. Бұл оқу-жаттығу жиынында спортшылар арнайы дайындықтан өтіп, аттармен бірге жаттығу жасады.
Көкпардан бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев ұлттық құрамадағы 24 спортшыны жан-жақты дайындықтан өткізуде. Құрамада еліміздің барлық өңірінен мықты спортшылар қамтылған.
Ұлттық құраманың сапында көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Нышанбеков (еңкеюдің хас шебері, @ablai_077kz), көкпардан Азия чемпионы – Құрманбек Тұрғанбек (қазақтың Мессиі, @qurmash.08) сынды белді шабандоздар бар. Сондай-ақ, еліміздің намысын Нұрқасқа, Бүркіт, Заңғар, Найман, Кәмпит, Қаршыға сынды үздік аттар қорғайтын болады.

Аталған оқу-жаттығу жиындары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бағытталған. Көшпенділердің дәстүрі мен жауынгерлік рухын жаңғыртқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.
Қазіргі таңда «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығынан» көкпар мен қазақ күресінен ұлттық құрамалар дайындықтарын пысықтап жатыр.
Сонымен қатар, Орталыққа қарасты асық ату, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, саятшылық, теңге ілу ұлттық спорт түрлері де қатысады деп күтілуде.

Жүсіп ЖАДЫРА, баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті