jasqazaq.kz

Ұлттық қор табысы балалардың есепшотына доллармен аударылады

06 қыркүйек 2022, 14:11


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын арнаулы есепшотқа аударуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 мың доллар — ол орташа есеппен айтылған қаражат. Осы мәселеде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтқан мәліметке сілтеме жасап отырсыздар. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш қосымша есептеліп жатыр», — деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бөлінетін қаражат сомасы 2024 жылы баланың жасына қарай есептеледі.

«Бұл жүйе 2024 жылдан іске қосылады. Осы кезде аталған жүйеде бала бір немесе екі жыл ғана (18 жасқа толғанда) болуы мүмкін. Бұл тұрғыда есепшотқа аударылатын қаражат сомасы да аз болады», — деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы қаражат доллармен есептелетінін нақтылады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті