jasqazaq.kz

Ұлттық бюро: Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 23 күдікті тергеліп жатыр

19 қазан 2017, 18:58

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының брифингі өтті. Жиында Ұлттық бюро Тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тергеу барысы және нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Ұлттық бюро 2017 жылғы 9 айдың жұмысын қорытындылады.

«Біз Қуандық Бишімбаевқа (Бұрынғы Ұлттық экономика министрі — агенттік) қатысты қылмыстық істі биылғы жылдың 6 сəуірінде аяқтадық. Осы уақыт бойы қылмыстық іс таныстырылу кезеңінде болған. Қылмыстық іс көлемі 250-ден астам томнан тұрады. Бұл іс бойынша 23 күдікті тергеліп жатыр. Олардың əрқайсысында кем дегенде екі қорғаушыдан бар», — деді Кексель.

Олеся Кексельдің айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың екі адвокаты бар. Сондай-ақ, оның жұбайы мен анасы қорғаушы ретінде бекітілген.

Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев жымқырған қаржысына өзіне 500 шаршы метрлік зәулім үй салғанын хабарлаған болатынбыз.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс