jasqazaq.kz

Ұлттық бюро: Әбілязовтың сыбайластары Қазақстанға өздері келді

17 қазан 2017, 22:17

Халықаралық іздеу жарияланған Әбілязовтың сыбайластары сыбайластары өз еріктерімен Қазақстанға оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әбілязовтың сыбайластары болып саналатын БТА Банкінің №6 Корпоративтік бизнес басқармасының бұрынғы заңгері Максим Хаблов пен Әбілязовтың бақылауындағы компаниялардың шартты жетекшісі Анар Әбдіхаимова 2017 жылы 16 қазанда Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан Қазақстанға өз еріктерімен келді. «Оларға Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобына БТА Банкінің ақшалай қаражатын жымқыруға жәрдемдесті деген айып тағылып отыр. Хаблов пен Әбдіхаимова ресейлік азаматтық алған және бұл оларды Қазақстанға экстрадациялауға кедергі келтіреді. Бірақ олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына хат жазып, Қазақстанға өз еріктерімен келуге дайын екендіктерін жеткізген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жайт пен іс бойынша жиналған материалдарды ескере отырып, оларға қатысты бұрын тағайындалған бұлтартпау шараларын өзгертті. Осыдан кейін Хаблов пен Әбдіхаимова Қазақстанға келді», — делінген Ұлттық бюро таратқан хабарламада. Тергеу органының мәлімдеуінше, бұған дейін де БТА Банкінің ақшалай қаражатын жымқыру ісі бойынша бірнеше күдікті Қазақстанға өз еріктерімен келген. «Биылғы шілде және қыркүйек айларында Будапешт қаласынан (Мажарстан) Әбілязовтың кезінде Проблемалық несиелер басқармасы басшысының орынбасары болған Ержан Қадесов және БТА Банкінің №6 Корпоративтік бизнес басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Зәуре Жүнісова Қазақстанға ерікті түрде келген еді. Олар 2009 жылдан бері іздеуде жүрген және Қазақстанға оралған соң, бұрын тағайындалған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы жеңілдетілді. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген фигуранттардың қатысуымен қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар өз айыптарын толық мойындап, БТА ақшалай қаражаттарын миллиардтап жымқыру, бақылаудағы компанияларға заңсыз несие беру және қымбат активтерді сатып алу арқылы олардың ізін жасыру жөніндегі Әбілязов әрекеттерінің заңға қайшы екенін растады», — деп хабарлады Ұлттық бюро. Олар Әбілязовтың нұсқауымен компаниялардың шартты жетекшісі болған және қажетті құжаттарға қол қойған, деп атап өтті мекеме. «Сондай-ақ, олар қылмыстық іс қозғалған соң, Банк басшысына қарсы куәлік беруді болдырмау мақсатында Әбілязовтың тапсырмасымен сыбайластары Банк қызметкерлерін және бақылаудағы компаниялардың басшыларын қорқыту және бопсалау жолымен Қазақстаннан шығаруды ұйымдастырған. Сол себепті Әбілязовтың кезінде БТА банкте жұмыс істеген көптеген қызметкер елден кетуге мәжбүр болған. Жырақта жүргенде де қорқытып-үркітулер жалғасып, олардың Қазақстанға оралуына мүмкіндік бермеген. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, олар тергеуге белсене көмек көрсетіп, Әбілязовтың қылмыстық тобының заңға қайшы іс-әрекеттері туралы жаңа фактілерді ашты», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті