jasqazaq.kz

Ұлттық банк еліміздің сыртқы қарызына қатысты ақпаратты жариялады

22 қараша 2017, 15:41

Ұлттық банк қазіргі уақыттағы сыртқы қарыздың көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтің айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 167,9 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Оның ішінде 7,9 пайызы немесе 13,2 млрд доллар мемлекеттік сектордың, 3,7 пайыз немесе 6,2 млрд доллар банк секторының, 25,2 пайыз немесе 42,4 млрд доллар басқа да секторлардың, қалған 63,2 пайызы немесе 106,1 млрд доллар фирмааралық секторлардың қарызы. «Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы халықаралық қаржы нарығына шығарылған еркін еврооблигациялардың құнының өсуіне байланысты және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына резидент емес тараптардан сұраныстың артуына байланысты 0,4 млрд долларға көбейді. Банктердің (екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелері 1,0 млрд АҚШ долларына азайды. Оның ішінде, қазіргі сыртқы қарыз бен еврооблигацияларды жоспарлы түрде өтеу бар», — деді ол. Алпысбай Ахметов фирмааралық қарыздардың 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбеюінің себебін түсіндірді. «Мұнай-газ жобаларын қаржыландырудың жалғасуына әрі инвесторлардың алдындағы дивиденттермен қарыз сыйақыларын өтемеу себептеріне байланысты фирмааралық қарыздар 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбейді», — деді ол.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті