jasqazaq.kz

«Үлкен Алмадағы» жемісті жүздесу

23 қыркүйек, 16:23

Тақырыптағы жеміс түрі Нью-Йоркпен етене. Сонау өткен ғасырдың 20-шы жылдары «мұнда келгендер мол олжаға кенеледі, мүмкіндігі шексіз» деп қаланы осылай атаған деседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, міне, осы «Үлкен Алма» (Big Apple) шаһарында шын мәнінде жемісті де нәтижелі кездесулер өткізді. Бұл — ғаламдық капиталдың майын ішкен ауызы дуалы сарапшылардың берген бағасы.
Нью-Йоркке саясат көбірек сөз болатын БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына барған Қазақстан басшысының Fortune Global 500-ге (әлемдегі ең ірі компаниялардың рейтингі) кіретін алпауыт компаниялардың жетекшілерімен ортақ жобалар мен инвестиция жайын талқылауы, сөз жоқ, айтулы оқиға. Олай дейтініміз, Батыстың, нақтырақ айтсақ, американдық компаниялар елімізде бұрынғыдай тек шикізат өндіруге емес, дайын өнім жасауға ықылас танытты. Бұл ретте «Pepsi Co» снек (тамақ) шығаратын зауыт салып жатқанын, ал «Wabtec» отандық теміржолды біздің климатқа бейім локомотивпен қамтамасыз ететінін айтқан абзал. Сапар барысында осы компаниямен құны жалпы 4,2 млрд долларлық келісімге қол қойылды. Локомотивтің жаңа түрін ұсынуды көздейтін осы мәмілені АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі жоғары бағалады. Ақ үй қожайынының бастамасымен екі ел президенттері тілдесіп, экономика және сауда салаларындағы өзара ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысының «Chevron» компаниясының жетекшісі Майкл Уиртпен жүздесуін айрықша атап өткен жөн. Теңіз және Қарашығанақ кеніштері мен Каспий құбыр желісі концорциумында бірегей жобаларды іске асырып жатқан «Chevron-ның», отандық экономиканы әртараптандыруға қосқан үлесі сүбелі. Атап айтқанда, ілеспе газды кәдеге жаратып, Атырауда полипропилен өндірісін шикізатпен қамтамасыз етуде.

Кездесуде еліміздегі «қара алтын» өндірісін еселеуге мүмкіндік беретін Теңіз кенішінің аясын кеңейту, Қарашығанақта газ өндіру мен қайта өңдеу, сондай-ақ, көмірсутегіні әлемдік базарға жеткізуде маңызды бағыт — Орта дәліз арқылы жеткізу жайы талқыланды. Айта кету керек, «Chevron» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойып, жергілікті қамтуды дамыту, әсіресе, технологияларды интеграциялау, жергілікті маман-кадрлардың біліктілігін арттыру жөнінде уағдалсты.
«Үлкен Алма» қаласы қазақ-американ іскерлік байланысын жаңа белеске көтерген келіссөздермен ерекшеленеді. Президент американ бизнесі өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы жиында сөз сөйледі. «Meta», «Blackstone», «Citigroup» сияқты әлемге әйгілі компанияларымен жасанды интелекті дамыту және инвестиция тарту мәселесін талқылады.
Американ бизнесі Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Әрі еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды, сондай-ақ, отандық экономиканың әлеуетін жетік біледі. Бұлай дейтініміз, Президентпен ынтымақтастық жайын талқылаған «Goldman Sachs» компаниясы осыдан біраз бұрын Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көлемі келешекте 2,1 трлн долларға жетіп, экономиканың топ-30 қатарына кіретіні туралы болжам жасады.

Срайыл Смайыл
Сурет: aqorda_resmi

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік