jasqazaq.kz

Ұлдарын буындырып өлтірген ата-ананың ісі бойынша сот басталды

15 қараша 2017, 15:37

Алматыда балаларын буындырып өлтірген алматылық ерлі-зайыптылардың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Болатов Ерлан қарап жатыр. Заң алдында 1 жастан енді асқан екі бүлдіршінді өлтірген ерлі зайыптылар Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко жауап беруде. Оларға ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі, 119-бабының 1-бөлімі бойынша айып тағылды. Сот отырысында Алла Волченко БАҚ өкілдерін қатыстырмауды сұрады. «Менің балам өсіп келе жатыр. Сондықтан журналистердің қатысқанын қаламаймын», -деді Алла Волченко. Эмиль Гильмутдинов та сот процесіне журналистердің қатысқанына қарсылығын білдірді. Жантүршігерлік оқиға осыдан екі ай бұрын Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен өлі сәбилер табылды. Екі ұл баланың өлімі механикалық асфиксиядан болғаны анықталды. Кейін оларды туған әкесі Эмиль буындырып өлтіргені белгілі болды. Сосын мүрделерді тоңазытқышқа салып кеткен. Ер адам сотта істегенін мойындап, балалардың жылап ұйқы бермегенін айтқан. Бұл іске ерлі-зайыпты өзара келісіммен барған. Кейін балалардың анасы Алла Волченко мен күйеуі үлкен ұлдары Равильді Самал шағын ауданындағы аулалардың бірінде қаңғыртып тастап кеткен. Бала аулада 3 күн жүрген көрінеді. 2-3 жастағы Равильді Самал шағын ауданындағы аулалардың бірінде адамдар тауып алып полиция шақырған. Кейінірек полиция оларды мас күйінде тауып алған.

 

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы