jasqazaq.kz

Үкіметтік емес ұйымдар саяси реформаларға үн қосады

26 тамыз 2022, 18:30

Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурс орталығында «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері бас қосты.

Мұндағы мақсат – жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні қарсаңында мерекелік бас қосу әрі ел дамуына қажет талап-тілектерді жауапты органдар тарапына жеткізуде. Себебі, «азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол» дейді жиналғандар.

– Азаматтық қоғам белсенділігінің бір көрінісі ретінде жуырда ғана референдум өткізу арқылы Ата Заңға енгізілген өзгерістерді айта аламыз. Халықтың мүддесін қорғау мемлекеттік органдардың да, үкіметтік емес ұйымдардың да, жалпы, бүкіл қоғамның қастерлі міндеті дер едім. Кезекті рет бас қосып, халық пен биліктің арасында «алтын көпір» рөлін атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жақсартуға, ел дамуына қажет ұсыныстарды талқылауды көздеп отырмыз. Алда бірлесіп атқаратын жобалар көп. Барлығымыздың көздегеніміз – халықтың тұрмысын жақсарту, – дейді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жанетте Жазықбаева.

Өткен жылы қалада үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» ашылған болатын. Бұл орталық қаламызда азаматтық қоғамды қалыптастыруға, ҮЕҰ-ға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге, пікірлесу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды. Бүгінде Үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, Үкіметке жеткізуді мақсат тұтып отыр. Осы бағытта көпшілікпен жиі жүздесіп, ортақ тақырыптар талқыланбақ.

Жиын соңында Конституция күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай бірқатар ардагер әскери қызметкер мерекелік медальмен марапатталды. Одан кейін жиналғандар естелік суретке түсті.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті