
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға заңсыз әкелінген 150 мың қорап темекіні тәркіледі.
— А.ж. 19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорапта акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті. Ұсталған тауардың алдын ала құны 60 млн теңгені құрайды, — деп хабарлады ҰҚК-нен.
Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген.
Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді.
Фото: ҰҚК