
Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
ҰҚК мәліметінше, бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Алматы қаласында 8 кило синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сот санкциясымен ұсталған адам қамауға алынды.
JQ-Aqparat
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі