jasqazaq.kz

Үйінде көкнәр, марихуана және гашиш сақтаған жігіт құрықталды

22 қыркүйек 2023, 14:06


«Қарасора – 2023» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ҚР ІІМ «Бүркіт» ҰҰ арнайы мақсаттағы жасағын және Урия атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Тараз қаласының Ақбұлақ шағынауданында 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4,7 келі кептірілген марихуана, салмағы 13,85 грамм гашиш есірткі заты және салмағы 7,76 грамм көкнәр есірткісі табылып, тәркіленді.

«Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң