jasqazaq.kz

Үйде көлік жүргізуді интернет арқылы үйренуге болады

23 қараша 2017, 10:49

27 қарашадан бастап автомектептерде интернет арқылы оқуға болады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

«Мұндай мүмкіндікке A, B және A1, B1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келетін жүргізушілерге үміткерлер ие болады», – делінген ведомствоның Facebook-тегі хабарламасында.

Жүргізушілерді оқытуға арналған жаңа оқыту жүйесі енгізілді, онда қашықтан оқыту технологиясы қолданыла отырып, дәстүрлі түрде өткізіледі.

«Жүргізушілерді дайындаумен айналысатын ұйымдар өздерінің жеке білім беру сайттары арқылы сабақты видеосабақтар, скайп-сабақтар және басқа да интерактивті форманың көмегімен теорияны онлайн оқыта алады.

Қашықтан оқытудың үлесі 80%-дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, көлік жүргізуден практикалық сабақтардан да өтуі қажет», – делінген хабарламада.

Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды. Теориялық және практикалық емтхандарды сәтті тапсырған білім алушылар автомектепті бітіргенін растайтын құжаттар ала алады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті