jasqazaq.kz

ҮЕҰ мен мемлекетттік мекемелер арасындағы байланыс артады

12 желтоқсан 2017, 18:42

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізілді.

Ұлттық жоспарға мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басымдықтарын іске асыру жөніндегі шаралар енгізіліп отыр. Осылайша, Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Жомарт жүрек», «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Туған жерге тағзым» акциялары сияқты әлеуметтік жобаларды іске асыратын болады. Аталған іс-шаралар тұрғындарды, үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және еріктілерді кіші Отанын (туған жерін дамытуға) қолдау көрсетуге, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге үлес қостыруға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы салалық ынтымақтастықты кеңейту, қоғамдық мониторинг пен бақылау жүйесін дамыту, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәдениетіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты кездесулерін өткізу, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы, «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы, қоғамдық кеңестердің мәжілісі және басқа да іс-шараларды өткізу тәжірибелері жалғасатын болады.
Жалпы алғанда, Жоспардың іске асырылуы ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа тәсілдерін әзірлеуге, ҮЕҰ-ға халықтың әлеуметтік қызметтерінің сапасын жақсартуға және олардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 155-р қаулысымен бекітілген.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң