jasqazaq.kz

ҮЕҰ қызметін тоқтату үрдісі жеңілдетіледі

25 қараша 2017, 19:00

Бүгінгі таңда Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 19860 үкіметтік ұйым тіркелген. Оның ішінде ресми түрде 2919 ҮЕҰ жұмыс жасамайды деп танылды.
Еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Жұмыс жасамайтын ҮЕҰ саны есеп кезінде қиындықтар тудырады, азаматтық қоғамның дамуы мен жағдайы туралы статистикалық және өзге де көрсеткіштердің бұрмалануына әкеп соқтырады.Осы мәселе үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстанның VII Азаматтық форумында көтерілген болатын. Олармен аталған мәселені шешу үшін ұсынымдар берілді» — деп түсіндірді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Парламентінде Салық кодексінің жобасы қарастырылып жатыр. Оған әрекет етпейтін ҮЕҰ тарату үрдісін жеңілдететін нормалар енгізілген. «Аталған нормалардың қабылдануы әрекет етпейтін заңды тұлғаларды тарату үрдісін біршама жеңілдетеді және олардың статистикасына оң әсерін тигізеді» — деп түсіндірді дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде.
Сонымен, ҚР Салық кодексінің 93-бабында салық төлеушілердің қызметін еріксіз тоқтату тәртібі қарастырылған. Еріксіз таратуға әрекет етпейтін, белгілі талаптарға сәйкес заңды тұлғалар жатқызылатын болады. Мысалы, Салық кодексінде бекітілген талап қою мерзіміне сай салық есептілігін бермесе, қаржымен операциялар жасамаса, ҚСС төлеуші ретінде есепте тұрмаса, әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы болмаса және т.б. Салық органы 93-бапқа сай келетін субъектілердің мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сәйкесінше шараларды қабылдайтын болады.
Сонымен қоса, Салық кодексінің жобасында мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне сот шешімі бойынша заңды тұлғаларды тарату үшін шешім қабылдай алу мүмкіндігі бар негіздердің тізімімен толықтырылды. Сонымен, Салық кодексін қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органдары сотқа ҚР Азаматтық кодексінде реттелген негізгі төрт бағыт бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы шағым береді. Олар: банкроттық, заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз деп тану, заңды тұлғаның орналасқан жері немесе фактілі мекенжайы бойынша жоқтығы, қызметін заңнаманы қатаң бұзушылық жолымен іске асыруы.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті