jasqazaq.kz

WBA regular чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

23 қазан 2017, 10:23

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша regular белбеуінің жаңа иегері жапон боксшысы Риота Мурата (13-1, 10 КО) дивизионда көш бастап тұрған қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды. Бұл  жайлы Tengrinews.kz  хабарлады.
Мурата WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша чемпион қазақстандықты Хассан Н’Дам Н’Жикамды (36-3, 21 КО) Токиода өткен реваншында жеңгеннен кейін жекпе-жекке шақырды. Жетінші раундтан кейін Н’Жикам кездесуді жалғастырудан бас тартып, титулынан айырылған. «Жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңғалдым, бірақ оның ырғақты сезіп, тезірек аяқтағысы келгенін түсіндім. Екеуміз де шаршап қалдық, сондықтан оның аяқтағаны мен үшін сәттілік болды, алайда бұл жекпе-жекте мен жеңіле алмайтын едім. Бокссүйер қауым орта салмақта менен мықты чемпион бар екенін біледі. Головкин жайлы айтып отырмын. Оны жеңу үшін барымды саламын», — деп келтіреді Муратаның сөзін BoxingScene.com. Мұның алдында WBA regular чемпионы титулы америкалық Дэниэл Джейкобста еді (32-2, 29 КО). Ол 18 наурызда Нью-Йоркте төрешілердің бір ауыздан берген шешімі бойынша Головкиннен жеңілген еді. Осылайша Джейкобс айырылып қалған белбеу бос тұрған еді. 20 мамырда Мурата мен Н’Жикама осы белбеуге таласқан. Олардың кездесуі 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Н’Жикама 116:111 және 115:112 есебімен жеңіске жеткен, ал бір төрешінің 117:110 деген есепті Муратаның пайдасына бергенін айта кетейік. Кейін WBA төреліктің даулы болғанын айтып, төрешілер Густаво Падилья мен Хьюберт Эрлды алты айға шеттеткен болатын.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс