jasqazaq.kz

Визасыз қажылық жасағандар 26 600 доллар айыппұл төлейді

14 мамыр, 14:18

Сауд Арабиясы Корольдігі биылғы жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасаған, сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ҚМДБ Қажылық бөлімінің мәліметінше, бұл шешім қажылық маусымындағы өлім жағдайына апаратын кептелістердің алдын алу үшін қабылданып, тыйым салу процесі күн сайын қатаңдатылу үстінде. Осыған орай Корольдік айыппұл салу, яғни жаза шараларын төмендегі жағдайларда қолданатындығын хабарлады:

* Қажылықты заңсыз орындап жатқан немесе орындауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалуға немесе зиярат жасауға әрекет еткен барлық түрдегі ВИЗА иелеріне 20 мың Сауд Арабиясы риалы немесе 5300 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу белгіленді.
* Қажылық визасы жоқ шетел азаматтарына, қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген азаматтарға және шетелдіктердің сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риалы (шамамен 26 600 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл сомасы әрбір жалған виза үшін жеке-жеке түрде есептеледі. Сонымен қатар заңсыз түрде Мекке аумағына кіргендерді жасырғандар, оларды тасымалдаған көлік жүргізушілері, орналастырған қонақ үйлер мен жеке үй иелеріне де 26 600 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.
* Заңсыз түрде Қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар өз еліне депортация жасалады және олардың 10 жыл Сауд Арабиясына кіруіне тыйым салынады.
* Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот арқылы мемлекет есебіне өткізіледі.
* Виза уақыты аяқталса да, Саудия аумағынан шығып кетпеген шет ел азаматтарына 50 мың риал (13 300 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау жазасы және депортация жазасы белгіленген.

2025 жылы Сауд Арабиясы 1 млн 800 мың қажыларды күтіп алуды және оларға қызмет көрсетуді жоспарлауда. Осы орайда қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажылық жасау ресми түрде тек қана ҚАЖЫЛЫҚ Визасы арқылы жүзеге асырылады, басқа кез келген ВИЗА түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге тыйым салынады.

2024 жылы Сауд Арабиясына басқа виза түрімен келіп заңсыз Қажылық жасаған 300 мыңнан астам шетел азаматын анықтаған. Сауд Арабиясы 2025 жылдың 29 сәуірі мен 9 маусым аралығында бірнеше мемлекет үшін электронды визаға ұсыныстар қабылдауды тоқтатты. Бұл шешімге шетел азаматтарының ұмра үшін барып, рұқсатсыз қажылық жасауға көпшілігінің қалып кетуі себеп болған.
Осы орайда ҚМДБ барша жамағатты Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің шетелдік азаматтарға қатысты ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар, биыл қажылыққа ниет еткен жандарға қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармау және қажылық орындарын алмаған лицензиясы жоқ турфирмаларға жазылмау қажеттігін ескертеді.

ҚМДБ мәліметінше, биыл елімізден ресми 4500 адам қажылыққа аттанады. Олар 24-31 мамыр аралығында қасиетті мекенге барып, 10-16 маусым аралығында елге оралуы тиіс.

JQ-Aqparat

Фото: muftyat.kz

11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы