Соңғы дерекке сай 28 тұрғын із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кеткен жөн, өткен аптада елдің орталық бөлігінде ойран салған дауыл өзімен бірге нөсер алып келген еді. Салдарынан біраз ауданды су басты. Теміржол қатынасы іркіліспен жұмыс істеп тұр.
Бірқатар аудан халқы жарықсыз отыруға мәжбүр. 2 мыңнан аса үй қирап қалса, тағы 80 мыңына нұқсан келген. Негізі жергілікті мамандар «Дамри» соңғы екі жылдағы ең алапат дауыл екенін айтады. Қазір мамандар құтқару және көмек көрсетудің ауқымды жоспарын жасап тиісті жұмыстарды қолға алған.