jasqazaq.kz

Венгрияда Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

15 қазан 2016, 11:31

44a4d3802cdb3641a2d42b4cabc76578

2016 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу шеңберінде музей директоры Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қоғалысының көтерілістік әскерінің қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жылдан кейін туған еліне қайтарылып, оның бет бейнесін қалпына келтіруі барша Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға болып саналатындығын атап өтті.

«Венгрияның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында ОММ-ның директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың ДНҚ сараптамасын жасау және оның бет-бейнесін қалпына келтіру үшін Бас директор Золтан Коршошқа бас сүйекті табыс етті», — деді баспасөз қызметіндегілер.

photo_30371

Сонымен қатар, биыл Венгрияның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы 214-жылдығын тойлайтыны белгілі боды. Оның ішінде 10 миллионнан астам экспонат сақталуда. Сонымен бірге, мұражайдың антропологиялық бөлімі 70-ке жуық бет бейнені қалпына келтіру жұмыс өткізді, оның ішінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі де бар.

Айта кетейік, Венгрияның антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін бітіріп тастауды жоспарлап отыр.

 

tengrinews.kz

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет