Венесуэлада Humboldt жеті жұлдызды қонақүйі ашылады. Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.
Мадуро қонақүй жұмысының қалай жүріп жатқанын өз бақылауына алған. Humboldt Венесуэладағы алғашқы жеті жұлдызды қонақүй атанбақ.
Айта кетейік, былтыр қарашада алғашқы жеті жұлдызды қонақүй Қытайда ашылды. Шанхайда орналасқан Wanda Reign on the Bund қонақ үйінің құрылысына үш жыл және 515 миллионов доллар кетті. Отельде 193 бөлме бар. Оның ең үлкенінің ауданы — 288 шаршы метр. Қонақ үйдегі бөлмелердің бағасы 438 доллардан 1,4 мың долларға дейін барады.