jasqazaq.kz

В.Косарев: Асығып қателікке ұрынбайық!

18 қазан 2016, 17:38

13f52f54-20dd-40ef-ac94-5b0e717b8a3e

Парламент Мәжілісінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында депутат Владислав Косаревтің міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды 2 жылға шегере тұру туралы ұсынысын талқылады.

«Біз үлкен істі қолға алып жатқандықтан, дайындық жұмыстары байыпты, әрі жұмсақ болуы үшін осы ұсынысты енгіздік. Егер біз бірден енгізіп жіберсек, көптеген қателіктер жасап қоямыз, ал егер соза тұрсақ — онда негізді түрде дайындаламыз», — деді В.Косарев талқылау барысында.

Депутаттың ойынша, қазіргі уақытта жарнаны төлеу жұмыс берушілерге үлкен қаржылық салмақ салуы ықтимал. Дағдарыс барысында онсыз да үлкен қиындықтарға тап болған бизнес үшін бұл ауыр соққы болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар медициналық қызметтерді әкімшілендіру мәселелері түбегейлі шешімін таппаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер — жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Жұмыс берушілер төлейтін жарна өлшемінің жалпы мөлшері табыстың 5 пайызын құрайды. Бұл ретте жарна аудару 2017 жылдан біртіндеп өседі: 2017 жылы — 2 пайыз, 2018 жылы — 3 пайыз, 2019 жылы — 4 пайыз және 2020 жылы — 5 пайыз. Бұл төлем корпоративтік табыс салығының есебінен шегерілетіндіктен, жұмыс берушіге түсетін нақты салмақ 2017 жылы — 1,6 пайыз, 2018 жылы — 2,4 пайыз, 2019 жылы — 3,2 пайыз, 2020 жылы — 4 пайызды құрайтын болады. Ал жұмыс істейтін азаматтардың өздері төлейтін жарна өлшемі табыстың 2 пайызын құрайды.

ҚазАқпарат

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді