jasqazaq.kz

USAID ақыры жабылды

31 тамыз 2025, 11:07

Ақшаны аямай төгіп, “түрлі-түсті” төңкеріс, адам құқығын қорғау деген желеумен талай елде шырғалаң жасаған USAID ақыры жабылып тынды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио өзінің X (бұрынғы Твиттер) парақшасында хабарлады. Рубио осы агенттікке қатысты жазбасында “Біз қаңтар айынан бері салық төлеушілердің ондаған миллиард долларын үнемдедік. Негізгі бағдарламалардың аздаған бөлігі Мемлекеттік департаментке берілгендіктен, USAID өзінің жабылғанын хабарлады”, — деп жазды.
Енді агенттіктің жабылуымен Әкімшілік-бюджет басқармасының директоры Расс Воут айналысады. Рубио бұл жөнінде  «Тізгін Расстың қолында. Ол шаруасы әлдеқашан шатқаяқтаған қаңтарылған USAID-тің жабылуын қадағалайды. Расс, іске сәт!», — деп жазды.
Агенттіктің жабылуына қаржының орынсыз жұмсалуы да басты себептің бірі. Биыл ақпарат құралдары USAID-тің соңғы басшысы Саманта Пауэрдің жылдық айлығы 180 мың доллар екенін, бірақ “соңғы үш жылда қалай 23 млн доллар тапқаны түсініксіз” деп жазып еді.
Шетелден грант алатындарды өз еліне қарсы “ұр, тоқпақ” ретінде пайдаланатын USAID-тің жабылуы біздегі кейбір үкіметтік ұйымдар мен блогерлерге жайсыз тигені анық.
Jas Qazaq 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес