Қазіргі технология қарыштап дамыған заманда біздің елімізде өндірісті инновациямен ұштастыруға айрықша маңыз беріледі. Бұл орайда әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы алдыңғы қатарда келеді.
Әлемдік көшбасшы болу өндірісті ғана емес, сонымен бірге саланың ғылыми-техникалық дамуын, өзіндік бірегей дамуын басқаруды дегенді де білдіреді. Отандық атом өнеркәсібінде ақпарат құралдарына мақала жазатын ұйымдар сирек, бірақ оның қатысуынсыз бір грамм өндірілген уранды, бірде-бір қауіпсіз жабдықталған ұңғыманы, бірде-бір жаңартылған зауытты елестету мүмкін емес. Әңгіме идея, технология, есептеу мен тәжірибе, сондай-ақ көп жылдық зерттеулер нәтижелері тоғысатын ғылыми орталық — «Жоғары технологиялар институты» ЖШС туралы.
Бір қарағанда, қарапайым салалық ғылыми-зерттеу институты. Ал іс жүзінде стратегиялық білім банкі, ғылыми және инженерлік-аналитикалық даму орталығы. Институт жұмысы уран өндірумен шектелмейді. Мұнда энергетика, сирек металдарды өндіру, қалдықтарды өңдеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы перспективалық технологиялар зерделеніп, әзірленеді. Мұның бәрі елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық прогрестің табиғатпен үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2000 жылдардың басында негізі қаланған институт бүгінде теориялық ғылым, ғылыми зерттеулер, инновациялар мен өндіріске енгізуді тоғыстыратын орынға айналды. Институт — Қазақстандағы уран саласының ғылыми орталығы. Институтта әзірленіп жатқан ғылыми зерттеулер өндірістегі технологиялық процестерді сүйемелдеп қана қоймайды. Болашақ өндірістік полигондарды жобалау, қорларды санау, шаймалау процестерін модельдеу, уран өндіру және қайта өңдеу әдістерін оңтайландыру, жаңа технологиялық жабдықтарды ойлап табу арқылы уақыттан әлдеқайда озып кеткен зерттеулермен айналысады. Мұнда қазірдің өзінде ғылыми зерттеулерді олардың нәтижесін енгізетін уақыттан бұрын бастап, саланың бес, он, тіпті жиырма жылдан кейінгі жұмысына да негіз қаланып жатыр. Елімізде қолданылатын ұңғымаларды жер асты шаймалаудың технологиялық шешімдері әлемдегі ең озық шешімдердің бірі болып саналады. Олардың тиімділігі — институттағы жүздеген маманның қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Технологиялық процесті қалай жылдамдатуға болады? Шығындарды қалай азайтуға болады? Техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қалай арттыруға болады? Ілеспе құнды элементтерді — сирек, сирек жер металдарын, стратегиялық элементтерді қалай пайдалануға болады? Олар осы сұрақтарға жауап іздейді және табады. Институттың жұмысы тек таза технологиялық шешімдер ғана емес. Сонымен қатар, экология. Уранмен, радиоактивті материалмен жұмыс табиғат жағдайына ерекше назар аудармай жүргізілмейді. Институт мамандары қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді, технологиялық әсерді төмендету жөніндегі іс-шараларды, өндіру салдарын жою жоспарларын әзірлейді, өндірістік қалдықтарды басқару жөніндегі регламенттерді әзірлейді. Барлығы қазақстандық заңнама, ESG-тұрақты даму жөніндегі БҰҰ қағидаттары, халықаралық экологиялық стандарттар шеңберінде және жергілікті қоғамдастықтардың пікірін ескере отырып жасалады.
Мақсат — уран өндіріп қана қоймай, жер қойнауын пайдалану аяқталғаннан кейін ұлттық экономикалық қызметке ыңғайлы аумақтарды қалыптастыру. Шөп шықпайтын дәрежеге жеткізбей, керісінше, жердің тіршілігін жандандыру. Барлық инфрақұрылым нысандары — жол, электр желілері, әкімшілік ғимараттар, бақылау ұңғымалар жергілікті қауымдастықтарға берілуі керек. Бұл тек өндіріс емес, аймақты ESG тұрақты даму философиясына негізделген дамыту.
Институт өз қызметінде адам капиталына баса назар аударады. Құрылымындағы бірегей білім беру орталығы жұмыс істейді. Оның негізінде инженерлер, геологтар, химиктер, менеджерлер оқиды. 2004 жылдан бастап он мыңдаған мамандар біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтті. Мұның бәрі қағаздағы жазуды оқитын оқытушы дәрістері емес, проектор, интерактивті тақта, 3D-симуляторлар мен нақты практикалық міндеттерге бейімделген бағдарламалар қолданылатын, нақты кәсіпорындарға арналған міндеттерді ескере отырып, үздік өндірушілер, ішкі жаттықтырушылар білім беретін шынайы тренингтер.
Жыл сайын жаңа курстар, модульдер, онлайн бағдарламалар пайда болады. Құзыреттер тестіленеді, оқытудың жеке бағыттары қалыптастырылады. Мұндағы мызғымас қағидат: бүгін білімге барыңды салмасаң, ертеңнің көшіне ілесемін деп үміттенбе. Сондай-ақ институт ғылыми зерттеулердің базасы — метрология, стандарттау, аспаптарды тексеру, зертханаларды дәл өлшеу үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етумен айналысады. Дәл осы жерде сынамалар сынақтан өткізіледі, әдістемелер жасалады, өндіріс процесінің технологиялылығына сенімділік қалыптасады. Институтта сенімділік калибрленген құрылғы мен таза пробиркадан басталатынын біледі.
Айта кетейік, бұл жерде ғылым мен өндірістің қалай байланысатыны мықты әсер қалдырады. Уранды қайта өңдеу, ұңғымаларды жөндеу және қалпына келтіру бойынша мобильді кешендер, өндірудің бағдарламалық тренажерларын әзірлеу, өндіріске енгізілген патенттер — іске қосылатын ғылыми жобалар мен технологияларды аяқтаудың міндетті шарты.
Институт қазірдің өзінде жаңа саланы — сирек жер элементтерін қайта өңдеуді қалыптастыруға қатысады. Бұл тек электроника үшін ғана емес, сонымен қатар «жасыл» энергетика, аккумуляторлар өндірісі және жоғары технологиялық медицина үшін қажет ресурстар. Осы арада басталған жұмыс әлемнің ертеңгі көрінісіне тікелей әсер етеді.
Институт заман тегеуріндеріне ден қоюмен шектелмейді, ол уақытты басып озады.
Юрий Перменев,
Диляра Боисова
Суреттерді ұсынған «Жоғары технологиялар институты» ЖШС баспасөз қызметі