Тұтынушы құқығы тапталмайды

21 шiлде 2023, 15:19


Алматылық тұтынушыларға сапасыз қызметтер мен тауарлар үшін 66 775 325 теңге қайтарылды.
Алматы қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 3 мыңнан астам адам шағым түсірген.Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимұрзаев осылай деді.
«2023 жылдың алты айында келіп түскен өтініштер негізінде департамент тұтынушылар құқығын қорғау бағыты бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 59 әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижесі бойынша тұтынушыларға 66 775 325 теңге қайтарылды. Бірінші кезеңде сатушы сатып алушының талабын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарды тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды сол жерде және сол сәтте бейбіт жолмен шешуге болатын алғашқы кезең. Бұл жағдайда үкіметтік емес ұйымдар дауды сотқа дейінгі реттеу субъектілері ретінде әрекет етеді. Екінші кезең мемлекеттің қосылуын қамтиды. Яғни, егер сатушы келісімге келу ниеті болмаса, шағым тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе басқа мамандандырылған органға жіберіледі. Сотқа жүгіну — шын мәнінде, шағымды қараудың соңғы сатысы», — деді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды