jasqazaq.kz

«Түсініксіз идея емес»

01 қараша 2017, 16:14

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасына қарасты компанияларға енгізілгелі жатқан трансформациялау бағдарламасы бизнеске 100 пайыздық пайда әкеледі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев трансформациялау бойынша атқарушы комитеттің отырысында атап өтті, – деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Басқарма төрағасының айтуына қарағанда, трансформациялау бағдарламасы бизнесті 100 пайыз алға сүйрейді. «Бағдарламаның әр жобасының өзіндік пайдасы бар. Бұл жобаларды айналысып жатқан адамдардың ісімен дәлелденген. Біз трансформациялау арқылы 100 пайыздық пайдаға жететінімізді біліп отырмыз. Біз бүгін айтып отырған жобалар — процестің бір бөлігі ғана. Мұны барлығын түсіну керек», -дейді холдинг басшысы. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, трансформациялау қызметтік міндеттемелерді реттей отырып, ортақ экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. «Трансформациялауды көп адамдар түсініксіз идея деп ұғып жүруі мүмкін. Іс жүзінде трансформациялау — шағын жобаларға бөлінген өте пайдалы жоба. Қызметкерлердің әрқайсысы өз ісімен ғана айналысып, түпкі мақсатын білетін болады», — дейді ол. Сонымен бірге, холдинг басшысы трансформациялау процесі сарапшылардың үздік буынын қалыптастыратынына сенім білдірді. «Трансформациялау процесі өзіне көптеп менеджерлерді тартып жатыр. Мені солардың көбі жас бола отырып, кәсіби тұрғыда шыңдала түскені қуантады. Біздің бүгінгі комитеттің бір артықшылығы — баяндамалардың басым бөлігін директорлар ғана емес, олардың командасындағы жас мамандар жасасын деп қалауымды білдірдім», — дейді Өмірзақ Шөкеев. Айта кетсек, бұдан бұрын Өмірзақ Шөкеев барлық ұйымдар, коммерциялық компаниялар трансформациялау бағдарламасы негізінде үш бағытта дами алатынын мәлім еткен болатын. Олар: менеджерлердің сапасы, процестердің сапасы мен технологиялар. «Барлық бизнес осы үш бағытқа тәуелді», — дейді Өмірзақ  Шөкеев.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы