jasqazaq.kz

Тышқанның шомылғанын видеоға түсіріп алды

30 қантар 2018, 12:11

Желіде тышқанның шомылғаны түсірілген видео шықты. Роликтен оның екі аяғын раковинаға қойып алып, сабын көбігін денесіне жағып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Роликті Перу тұрғыны Хоссе Корреа деген азамат түсірген болуы мүмкін. Оның Metro басылымына берген мәлімдемесіне сүйенсек, Хоссе душқа түсейін деп кірсе, раковинадан кеміргішті көріп қалады.

«Тышқан өзін адам сияқты ұстады. Мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Бұл шамамен 30 секундқа дейін созылды да, кейін кеміргіш қашып кетті. Меніңше, ол тек жақсылап жуынып алғысы келді», — деді ролик иесі.

Бірақ сарапшылар бұл жағдайға сенбейді. Gizmodo басылымы Хельсинск университетінің кеміргіштер жөніндегі маманы Туомас Айвелоның сөзін келтіреді. Ғалым қалыпты жағдайда тышқандар ешқашан мұндай әрекетке бармайтынын айтқан.

«Қозғалысы қызық. Тышқан бір нәрседен құтылғысы келіп тұрғандай қималдайды. Оның денесіндегі сабын ол үшін проблема болып тұр. Әдетте тышқандар өзін тазалағанда тісі мен тілін пайдаланады», — деді сарапшы.

Фордхем университетінің биологы Джейсон Маншидің айтуныша, біреу әдейі тышқанның денесіне сабын жаққан. Сонымен қатар, тышқан осылай қимылдауы үшін жаттықтырылған.

https://youtu.be/upPftKP0sXs

Бүгін, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
Бүгін, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
Бүгін, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті