Астана қаласындағы «Көрме» көрме орталығында «ТКШ-ЭКСПО және Құрылыс-2017» халықаралық форумы ашылды. Оны «Fair Expo» және «Экспо Сервис» көрме компаниялары Инвестициялар және даму министрлігіның, Астана қаласының әкімдігінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және Қазақстандағы БҰҰ Бағдарламасының қатысуымен өткізіледі. Осы жылы форумға 80 аса компания қатысты. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені салалық бағыттарының барынша маңызды тұсын талқыланады.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев және Ресей Федерациясының Сауда өкілінің кеңесшісі Владимир Бендерский форумның ашылуында алғы сөзін сөйледі.
— Бүгінгі форумда бізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының технологиялық жаңалықтарымен танысу мүмкіндігіміз бар, бұл іс-шара тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытуға ғана емес, сонымен бірге экономиканың аралас салаларына да жаңа қарқын береріне нық сенімдімін, — деп «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарманың Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев өз сөзінде атап өтті.
Форумның шеңберінде Қазақстанның жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарын, сондай-ақ Ресейден, Беларусиядан, Украинадан, Германиядан, Түркиядан, Литвадан, Польшадан және Қытайдан келген компанияларды жинаған «ТКШ – Экспо және құрылыс индустриясы» атты Х халықаралық көрмесі өткізілуде. «ТКШ ҚазОрталық» АҚ көрмеде инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерді, өнеркәсіптің әртүрлі салалары мамандарының белсенді қызығушылығын тудыратын қызықты жобаларды ұсынады. Бұл жерде жылыту және тұрмыстық қажеттіліктер үшін ыстық газды алуға арналған ағынды сулар тұнбасын кәдеге жарату технологиясымен танысуға, сондай-ақ ағынды суларды және газды тазарту үшін сорбенттер сияқты қатты отындардан, көмірден, тақтатастан алынған өнімдерді, органикалық-минералды тыңайтқыштарды, қатты отындар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша газификаторлық қондырғыларды көруге болады.
Форумның екінші күнінде «ТКШ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру және Қазақстан Республикасының тұрғын үй шаруашылығының елдік шолуын таныстыру» атты ПРООН халықаралық конференциясы ұйымдастрылды.
Айта кетейік, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық
тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
Алтынай Кәрібжанова