jasqazaq.kz

Тұрмысқа шыққан Гауһар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

27 қараша 2017, 11:30

Әнші әрі сазгер Гаухар Әлімбекова 45 жасында өзімен құрдас азаматтың етегінен ұстап, тұрмысқа шықты. Алайда әнші бұл жаңалығын көпке дейін жария еткен жоқ. Тек сұрақтың астына алған тілші сауалына берген жауабында жеке өмірінің құпиясын ашты.

“Еуразия” арнасының “Кешкі кездесу” бағдарламасында Әлімбекова алғаш рет жарымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Негізі күйеу күткен жоқпын, Құдай өзі жібереді ғой деп жүре бердім. Өлең айтып жүре беріппін, тұрмысқа шығу туралы ой көкейімде болмаған. Осы соңғы 2-3 жылда күте бастадым. Сөйтсем келетін түрі жоқ. Сосын мүмкін мен сұрамай жатқан шығармын деп Құдайдан тіледім, 2-3 жылдан кейін келді”, – деп бастады әңгімесін Гаухар.

Бұдан кейін Әлімбекова ұзақ уақыт бойы күткен жарымен қалай танысып, табысқанын айтып берді.

“Таныстық, кездестік, сөйлестік. Қазақтың қыздары ұқсап барынша ибалы, инабатты болуға тырысамын деп ойлаймын да, өз-өзімді ұстай алмай қаламын. Әдетім бар, сөйлеп отырамын біреуге тиісіп, қалжыңдап. Сөйлеп отырсам, ол да менің қалжыңыма жауап қайтарып отырды. Бір көргеннен ғашық болу дегенге сенбейтін едім, бірақ өзім бір көргеннен ұнаттым. Жақсы көріп қалдым деп ойлаған жоқпын. Біраз күн өтті, сөйлесіп тұрдық. Кейін ол звондаса қуанатын болдым. Оның да менің ұнататынын сездім. Бірақ сөз айтатын түрі жоқ, сондықтан өзім айтқызғандай болдым”, – дейді әнші.

46 жастағы Әлімбекованың жары өзімен жасты. Бір қызығы, Гаухар жарының бұрын үйленген не үйленбегенін білмейтін болып шықты.

“Ол туралы сұрамаппын. Үйленген болса да, маған бәрібір”, – дейді Гаухар Әлімбекова.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады