jasqazaq.kz

ТүркПА сайлауға қатысты жоғары баға берді

20 наурыз 2023, 17:17

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) байқаушылар миссиясының жетекшісі Реджеп Шекер кешегі өткен сайлау туралы пікірін айтты.

Астанада халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде Р. Шекер: «Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасымен, сенаторлармен, сондай-ақ сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездестік. ТүркПА байқаушылары сайлау процесі туралы барлық ақпаратты алды. Миссия мүшелері сайлауға қатысқан саяси партиялардың өкілдерімен де кездесіп, олардың бағдарламасымен танысты. Біз сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдеріне қатыстық. Сонымен қатар жергілікті байқаушылармен пікір алмастық», — деді.

Оның айтуынша, дауыс беру ережеге сай өтті, қажет ресурстар қамтамасыз етілді.
«Біздің миссия сайлау процесіне дайындық деңгейін, сондай-ақ сайлауға қатысты жоғары баға беріп отыр. Сондай-ақ миссия осы сайлауды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Сондықтан ТүркПА байқаушылар миссиясы бұл сайлау ашық, әділдік қағидатына сәйкес өтті деп санайды», — деді Реджеп Шекер.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң