jasqazaq.kz

Түркияға қашып бара жатқан жерінен ұсталды: Астанада «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының қылмыстық схемасы анықталды

12 ақпан 2025, 11:23

ҚМА Астанада «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.

Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған. Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған.

«Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, «LIVEGOOD» компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған. Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тергеу барысында «Binance» биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталды, бұл 28 мың АҚШ долларына тең.

Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды.

2025 жылдың 7 ақпанында күдікті Астана қаласындағы әуежайда шекараны кесіп өту және Түркияға ұшуға қамдану кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

2025 жылғы 8 ақпанда сот оған екі айға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Сурет: Depositphotos.com

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк