jasqazaq.kz

Түркия халқы Мейрамбек Бесбаевты шашу шашып қарсы алды (видео)

21 қараша 2017, 16:16

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевты Түркия қазақтары құшақ жая қарсы алды. Жат елдегі қандастарымыз Мейрамбекке шашу шашып, құшақ-құшақ гүлдерін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мейрамбек Бесбаев қазіргі таңда Еуразия Ұлттық университетінің магистранты болып табылады. Әнші Түркияның көне қаласы, екінші астанасы Ыстанбұлға курстастарымен бірге өндірістік тәжірибеден өту үшін аттанған.

Мейрамбек бұл сапарға жары Мархаббатты да бірге ерте кеткен.

Әншінің Түркияға табан тірегенін білген тыңдармандары барынша ізгі ниеттерін көрсетуге тырысып бағуда. Олардың бірі Мейрамбекті қонақ етсе, екіншілері Түркияның әсем жерлерін аралатып әлек.

Әншінің өзі дархан көңілді Ыстанбұл қазақтарына деген ризашылығын жеткізді.

“Шашуын шашып, ақ дастарханын жайып, ізгі тілектерін жаудырып қарсы алған Ыстанбұлдағы ағайындарға Алланың нұры жаусын”, – деп жазды ол инста-парақшасында.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті