jasqazaq.kz

Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притон анықталды

23 қараша 2017, 11:35

Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов хабарлады.

«Құрметті Түркістандықтар! Ағымдағы жылы жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтауға бағытталған жұмыстар жалғасатыны туралы 28 тамыз 2017 жылы өз парақшамда жазған болатынмын. Заңға да, әдеп-ғұрпымызға да қайшы болып табылатын кәсіптің бұл түрі тоқтамай, онымен күрес те тоқтамайды. 2017 жылдың тамыз айынан бері Түркістан қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон анықталды, оның ішінде 2 іс айыптау актісімен сотқа жолданып, 1-уі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде. Кінәсі дәлелденген жағдайда міндетті түрде сот алдында жауап беретін болады», — деп жазды ол Facebook желісінде. Сонымен қатар, қала прокуроры мұның алдында притонның жұмысын ұйымдастырғаны үшін ұсталған күдікті 44 жастағы «Г» есімді әйелдің Түркістан қалалық сотының 2017 жылдың 15 тамыздағы үкімімен ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен түпкілікті 2 жыл 6 айға нақты бас бостандығынан айыруға сотталып, сот залынан қамауға алынғанын жазғанын еске салды. «Демек, санасы барларға заңсыз жолмен пайда табушылардың ойланатын уақыты БҮГІН келгенін, ЕРТЕҢ КЕШ екенін құқық қорғау органы ескертеді…», — деп жазды Руслан Әбдірайымов.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті