jasqazaq.kz

Түркістанда мас адам шөп тиелген жүк көлігін өртеп жіберді (Видео)

10 қазан 2022, 11:23

Түркістан облысында мас адам біреудің шөп тиелген жүк көлігіне от қойып, жанғанын қарап отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департматентінің мәлімдеуінше, 8 қазан күні сағат 21.50 шамасында кезекші бөлімге ауыл көшелерінің бірінде шөп тиелген ГАЗ 53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері жіберілді.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 6 миллион теңге.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер куәлардан жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Бейнебақылау жазбасынан ер адам жүк көлігіне келіп, от қойғаны анықталды. Мұнан соң ол орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі:

Қазіргі уақытта бұл жайт ҚР ҚК-нің 202-бабы (“Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Күдікті қамауға алынды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кокшетау-лайф (@kokshetaulifekz)

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті