jasqazaq.kz

Түркістанда ерекше азаматтардың өмірі қалай өзгере бастады?

26 мамыр, 14:20

Тіршіліктің шынайы құны – оған бәріміздің бірдей құқығымыздың бар екенінде. Түрлі тағдыр тоғысқан қоғамда ешкімнің шетте қалмауы – тек гуманизмнің емес, мемлекеттік жауапкершіліктің де өлшемі. Осы орайда Түркістан өңірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шынайы қамқорлық танытып келе жатқан аймақтардың бірі. Бұл бағытта жүйелі жоспар, нақты қадам және адами биіктікпен өрілген көзқарас бар.

Былтыр күзде өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында әлеуметтік қызметтердің тиімділігі арнайы тыңдалып, кең көлемде талқыланды. Бұған дейін арнайы құрылған депутаттық комиссия өңірдің 9 ауданын аралап, ондағы 12 әлеуметтік нысанды егжей-тегжейлі зерттеген екен.
Мекемелердің тұрмыстық ахуалынан бастап, қызмет алушылардың көңіл күйіне дейін назардан тыс қалмаған. Депутаттар тек сырттай бақылап қоймай, қамқорлыққа мұқтаж жандармен сөйлесіп, жағдайды көзбен көріп, жүрекпен сезініп қайтты.

“Бізге есеп қана емес, шынайы өзгеріс керек. Әрбір азаматтың дауысы, мұқтаждығы, арманы біздің шешімдеріміздің негізі болуы тиіс,” — дейді мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов.

Облыстық мәслихат жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сессиялар “YouTube” платформасында тікелей көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, 46 депутаттың әрқайсысы жылына кемінде төрт рет азаматтарды жеке қабылдауы тиіс.
Қоғамдық қабылдаулардың арнайы кестесі бекітілген. Шалғай аудан тұрғындары үшін Шымкент қаласындағы облыстық мәслихаттың өкілдігінде апта сайын бір депутат қоғамдық қабылдау өткізеді.

Мүгедектігі бар азаматтардың толыққанды өмір сүруі үшін ең алдымен инфрақұрылымдық бейімдеу қажет. Бүгінгі таңда облыс бойынша 3 697 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының 2 135-і толық бейімделген. Бұл — айтарлықтай ілгерілеу.
Қолжетімді орта құру мақсатында әр аудан мен қалада әкім орынбасары басқаратын жұмысшы топтар жұмыс істейді. Бұл топтардың құрамына мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық бірлестіктері мен “AMANAT” партиясының өкілдері де енгізілген.

Облыста Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасына, “AMANAT” партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасына және “Халықпен бірге” жобасына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысында 922 мемлекеттік мектеп пен 265 балабақша инклюзивті білім беруге бейімделген. Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін:
— 7 инклюзивті қолдау кабинеті,
— ⁠7 ресурстық орталық,
272 мектеп пен 69 балабақшада логопункт, 7 арнайы мектеп-интернат,
17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді.
Мұнда 1470 бала түзету кабинеттерінде, 1674 бала арнайы мектеп-интернаттарда, 5468 бала логопункттерде инклюзивті біліммен қамтылған. Балалар санының артуына байланысты қыркүйек айында жаңа ресурстық орталықтар мен қолдау кабинеттерін ашу жоспарлануда.
Мұғалімдерге инклюзивті білім, теңдік пен құрмет мәдениеті туралы курстар ұйымдастырылып, арнайы педагогтар штаты (дефектолог, логопед, тифлопедагог және т.б.) енгізу жұмыстары басталған.
Облыста 101 900-ден астам мүгедектігі бар адам тіркелген. 2023 жылы әлеуметтік оңалту мен арнаулы қызметтерге 17,1 млрд теңге бөлініп, 66 860 өтініш қанағаттандырылды.


2025 жылға:
14,6 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде республикалық бюджеттен — 2,036 млрд теңге,
облыстық бюджеттен — 7,788 млрд теңге,
жергілікті бюджеттен — 4,789 млрд теңге қарастырылған.
2024 жылдың алғашқы төрт айында 53 734 өтініш тіркеліп, соның 31 834-і орындалды. Бұл – қажеттіліктің 59% қамтылғанын көрсетеді.
Президент тапсырмасымен және “Қазақстан халқына” қоры, “Самұрық Транс” пен “Қамқорлық қорының” қолдауымен Түркістан қаласында аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған “Қамқорлық орталығы” ашылды.
Орталық 3-18 жас аралығындағы балаларға күндізгі болу форматында (күніне 4-5 сағат) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. 2025 жылға 480,5 млн теңге бөлініп, 81,5 бірлік штат бекітілді. Қазірдің өзінде 20 маман жұмысқа қабылданды.
“Қазақстан халқына” қоры тарапынан 375 млн теңгеге жуық материалдық-техникалық база жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар, орталық мамандары арнайы оқыту бағдарламасынан өтіп жатыр.
Облыстық мәслихаттың шешімімен 2025 жылы №1 Түркістан және №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, Түркістан аумақтық оңалту орталығына спорт алаңы салу жобасы қолдау тапты. Бұл — тек денсаулыққа ғана емес, баланың әлеуметтенуіне де үлкен көмек болатын кеңістік.
“Біз қоғамның шетінде қалмауы тиіс жандарды қолдауды — артық міндет емес, ортақ парыз деп білеміз,” — деді облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов.
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалып жатқан жұмыс — бұл тек мемлекеттік саясаттың көрінісі ғана емес, қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін айна. Қабылданған шешімдер, бөлінген қаржы, іске қосылған орталықтар мен білім беру мекемелері — барлығы бір мақсатқа — “Ешкімді сыртта қалдырмау” қағидасына негізделсе керек.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 15:51
Түркістанда балаларға арналған ерекше фестиваль өтті
Бүгін, 15:15
Түркістан: Масылдыққа жол бермеу үшін жұмыс орындары көптеп ашылады
26 мамыр, 18:36
Түркістан қаласында биыл үш мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі
26 мамыр, 15:51
Түркістан: Ынтымақтастық рухын асқақтатқан игі істер
26 мамыр, 15:01
Түркістанның Орталық Азияда логистикалық торап ретінде қалыптасуға әлеуеті зор
26 мамыр, 14:40
Түркістандағы конференция мектеп психологтарына бағыт-бағдар нұсқады
26 мамыр, 14:20
Түркістанда ерекше азаматтардың өмірі қалай өзгере бастады?
26 мамыр, 14:18
Түркістан қаласындағы мектептерде Яссауи ілімін оқыту шәкіртті рухани құндылыққа жетелейді
26 мамыр, 12:01
Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады