jasqazaq.kz

Түркістанда екі ауыр жүк көлігі соғысты (Видео)

01 сәуiр 2022, 13:14

Бүгін Түркістан қаласында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Түркістан облысының ПД хабарлады.

Полицейлердің анықтауы бойынша Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолының 135 шақырымында бір бағытта кетіп бара жатқан «Рено Магнум» маркалы кран мен «Вольво» маркалы жүк көлігі соқтығысқан.

Яғни 25 тонналық «Рено Магнум» ауыр жүк көлігінің соңынан келе жатқан Ресейлік «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі қалғып кетіп, «Рено Магнум» жүк көлігінің артынан келіп соққан. Салдарынан кран аударылып кеткен.

Жақын маңда жүрген Түркістан облысының патрульдік полицейлері бірден оқиға орнына жетіп, жүргізушілерге көмектесті.

Яғни хал-жағдайын біліп, оларды қауіпсіз жерге алып шықты.

Ресей нөмірлі Вольво маркалы жүк көлігінің ішінде Ресей Федерациясының жүргізушісі болған.

Екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.

Бүгінгі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Анықтаушылар оқиғаның толық мәнжайы анықтауда.

Аударылған көлік жол жиегіне шығарылып, жол жүру бағыты ашылды. Түркістан облысының полицейлері жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің де қауіпсіздігі үшін маңызды!

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр